$ 499.51  525.83  4.62

Үздік жобалар байқауы аяқталды

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі аяқталды. 8 бен 11-сынып оқушылары арасында осымен төртінші рет ұйымдастырылған сайысқа биыл  1323 өтініш түскен. Үміткерлердің 70 пайыздан астамы бірінші кезеңде сүрінсе,  облыстық сында 18 секция бойынша 300-дей оқушы бақ сынады. Озат деп танылғандары арнайы марапатқа ие болды.

Жобасы үздік деп танылған оқушылардың бірі – кентаулық Ерлан Қожамберді. Ол өз жобасында Құтты білік және Абай шығармаларының сабақтастығын дәлелдеуге тырысыпты. Осы бағытта алты айдай уақыт іздеген шәкірт біраз мәлімет тапқан. Оның айтуынша, ХІ ғасырда жазылған шығарма мен өткен дәуірде өмір сүрген Абай туындыларының арасында сабақтастық көп.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы сайыста гуманитарлық бағыт бойынша қатысқандардың қарасы қалың. Жеңімпаздардың жайын айтсақ, екінші кезеңге өткен 285 жобаның 96-сы үздік деп танылды. Оларға арнайы дипломдар мен республикалық кезеңге өту мүмкіндігі берілді. Енді облыстық байқауда бағы жанғандар электронды жүйе арқылы тест тапсыру арқылы келесі кезеңге өтеді. Ал, республикалық кезеңнің жеңімпаздары жаңа жыл қарсаңында белгілі болады. 

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өтіп жатқан «25 жұлдызды күн акциясы» аяқталуға жақын. 21 қарашада бастау алған шара 15 желтоқсанда мәресіне жетеді. Оның аясында түрлі мерекелік және рухани шаралар өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары