$ 499.51  525.83  4.62

«Тәуелсіз ұлы дала елі» атты көрме ұйымдастырылды

Шымкентте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдыңына орай  «Тәуелсіз ұлы дала елі» атты көрме өтті. Облыстық Бейнелеу өнері музейінде   өткен  көрмеге  80-ге жуық қылқалам шеберлерінің туындылары қойылды.

Қала тұрғындары мен қонақтары отандық суретшілердің қолынан шыққан  тың туындыларын ай соңына дейін тамашалай алады. Көрме өңірімізге танымал,  бейнелеу  өнерінде  жаңа туындыларды дүниеге әкелген отандық   суретшілердің  жұмыстарынан жасақталды.

Көрермен назарына ұсынылған әрбір суреттен ұлттық салт дәртүріміздің исі шығады. Қазақ елінің тарихынан сыр шертеді. Соңғы 25 жылда отандық  суретшілер де бірқатар жетістікке жетті. Біраз белесті бағындырды.    Оңтүстік Қазақстанда  «Облыстық суретшілер ұйымы»  құрылды.  Қазір  100-ге  жуық мүшесі  бар. Бұл туындылар  сол  суретшілердің қолынан шыққан   суреттер. Тіпті, сатып алуаға да болады. «Тәуелсіз ұлы дала елі»  атты көрме  желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.

ӘНУАРБЕК АЙДОСОВ – ҚАЗАҚСТАН СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Көрмеге қойылған суреттер сатылымға да шығарылады. Бағасы әр түрлі. Ол авторға байланысты. Мағынасына байланысты. Орташа бағасы мың доллардан жоғары болады.Тәуелсіздікті дәріптейтін туындылар асқан шеберлікпен салынған.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өтіп жатқан «25 жұлдызды күн акциясы» аяқталуға жақын. 21 қарашада бастау алған шара 15 желтоқсанда мәресіне жетеді. Оның аясында түрлі мерекелік және рухани шаралар өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары