$ 513  541.16  4.69

Кентау халқы Тұңғыш Президент күнін атап өтті

Тұңғыш Президент күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Кентау қаласының тұрғындары салтанатты кеш ұйымдастырды. Мақсат – дара тұлғаны тану, өткен өмірі мен бағындырған белесін бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру. Елі үшін еміренген Елбасының пайым-парасатымен, таным тұңғиығына бойлау.

Концерттік бағдарламаның шымылдығы Мемлекет басшысының сүйікті әнімен түрілді. Белсенді жастармен жергілікті жұрт та қосыла шырқады. Одан кейін, Тұңғыш Президент туралы арнайы әзірленген бейнеролик көрсетілді.

Мерекелік шарада алғы сөзді алған қала әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Ташимов: «Қазақстан дамыған 50 елдің қатарына енді, енді алдымызға әлемнің ең қуатты 30 елінің бірі болуға қол жеткізу міндеті қойылып отыр. Біз оған жетеміз, өйткені біз соған лайықты елміз! Бір сөзбен айтқанда, Елбасымыз ұсынған әрбір бағдарлама осының кепілі. Елбасының өзі айтқандай, Қазақстан бүгінде Орта Азияның барысына айналып үлгерді. Ел маңдайына біткен Елбасына қандай құрмет көрсетсек те лайық», - деп атап өтіп, қала тұрғындарын мерекемен құттықтады.

Сонымен қатар, қаланың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып келе жатқан сала мамандары алғыс хаттармен марапатталды. Осындай үрдісте қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев пен «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалының бірініші орынбасары Сағынбек Асылбеков жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап, алғыс хаттарын табыс етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары