$ 444.22  476.38  4.82

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына - 25 модельді кітапхана

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ауыл-аймақтардағы кітапхананы заман талабына сәйкестендіру қолға алынды. Осыған байланысты үш бидің басын қосқан киелі мекен – Ордабасы ауданындағы Бөржар, Бадам, Бөген ауылдық кітапханалары «Модельді кітапханаға» айналып отыр.

Модельді кітапхана – оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетуді жоғары сатыға көтеретін жаңа кітапхананың стандарты. Оның басты міндеттері – компьютерлік технологияларда енгізудің арқасында электронды ақпараттар қорын қалыптастыру, кітапханалық қорларды дамыту, материалдық-технологиялық базаны нығайту.

Бұл арқылы өз кезегінде  қазына ордаларының материалдық-техникалық базасы нығайып, кітап қоры артады. Сонымен қатар, ғаламтор ресурстарына оңай қол жеткізілетін болады. Яки, қажетті шығармалардың авторын кез келген сәтте осындай орталықтан іздеп-табуға жол ашық деген сөз.

Бөржар модельді ауылдық кітапханасының салтанатты ашылуына қатысқан облыстық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Ғ. С. Хакимова аталған мекемеге арнайы сертификат табыс етті. Ал, Бөржар ауыл округі әкімінің орынбасары Б. Сиқымбай, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы С. Абулдаева кітапсүйер қауымға ақжарма тілектерін жетікізді. «Теңдесі жоқ бастама. Себебі, технология, әлеуметтік желі дегендеріңіз жылдам дамып жатыр. Оқырманның қызуғышылығын жоғалтып алмау үшін кітапхананы модульдікке айналдыру өте қажет дүние»,-деп қуанды қонақтар. Мерекелік шара соңында олар рухани білім ордасына түрлі кітаптарды сыйға тартып, қордың толуына өзіндік үлестерін қосты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары