11.12.2016, 12:08

Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!

Қазақстандықтар үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылдың желтоқсанындағы екіеші аптада атты. Яғни, ол күн – 16 желтоқсан болатын. Әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» атты жаңа жұлдық жарқырай туды. Биыл рухы асқақ, тұғыры биік мемлекетімізге 25 жыл толып отыр. Айтулы шараның бірі ОҚО Арыс қаласында әспеттеліп аталып өтті.

Арыс қалалық мәдениет үйінде еліміздің Ұлық мерекесі тойланды. Келген қонақтар Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерді көре арқылы тамашалай алды.

Салтанатты жиында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрайымы Нұргүл Өсербайқызы, қала әкімі Мұрат Болатұлы жергілікті жұртты айтулы датамен құттықтап, еліміздің өркендеуі жолында сүбелі үлесін қосқан бірқатар азаматтарды марапаттады. Өз сөзінде Н.Мауберлинова Тәуелсіздік құндылығын былайша түсіндіре кетті:

«Тәуелсіздік күні – Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Тарих тұрғысынан қысқа мерзім ішінде халқымыз Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатын қолдай отырып, әлеуметтік-экономикалық даму жолына түсті. Қазақстан өзін бейбітшіл әрі жасампаз ел ретінде әлемге танытты. Ұлт Көшбасшысы «Қазақстан - 2050» стратегиясында «Мәңгілік ел» идеясын Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы ретінде атады».

Айтып өтейік, салтанатты шараға жергілікті билік өкілдері, мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары мен дін, зиялы қауым, түрлі этно-мәдени орталықтардың өкілдері де қатысты. Шараның көркін Арыс қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары қыздырды. Арнайы сахналық қойылымдар қойылып, төбе шашыңды шымырлатар әуезді әндер шырқалды. Мың бұралған бишілер ұлттық билерді шәшіне келтіре орындап, дәстүрлі дүниелерді көпшілік назарына ұсынды. Тәуелсіздік ел бақытын тағы да осылайша ән бесігінде тербетті.