$ 444.22  476.38  4.82

ОҚО әкімі білім мен медицина саласының мамандарын Түркияға жіберетін болды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстағы білім беру мен медицина және мәдениет саласының бірнеше қызметкерін біліктілігін жетілдіру үшін Түркияға жіберетін болды. Бұл туралы өңір басшысы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - Тұғырым» атты салтанатты шара барысында мәлімдеді.

Аталған салтанатты жиында Жансейіт Қансейітұлы мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар қызметкерлерге мемлекеттік наградалар тапсырды. Атап айтқанда, өңіріміздегі 42 азамат «Құрмет» орденімен, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарымен марапатталды. 

Сонымен қатар, білім беру (50 жолдама), денсаулық сақтау (50 жолдама) және мәдениет (10 жолдама) саласының қызметкерлері – жалпы саны 110 адамға Түркияға барып, тәжірибе алмасу үшін облыс әкімінің жолдамасы тапсырылды.

«Тәуелсіздік күні – бар ғұмырын бостандық үшін күреске арнаған боздақтардың жанкешті еңбегі мен ерен ерлігін еске алатын қастерлі мереке. Тарихтан алар тәлім мол. Біз өткенімізге құрметпен қарап, болашағымызға сеніммен көз тіккен халықпыз. Әлемдік қауымдастықтың ажырамас бөлшегі ретінде Тәуелсіз ел атану тек биік мәртебе ғана емес. Сонымен қатар, орасан зор жауапкершілік жүгін артатындығын да біз жақсы түсінеміз», - деді облыс әкімі салтанатты шара барысында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары