$ 444.22  476.38  4.82

А.Мырзахметовке «Қазақстан мен Түркия достығын және ынтымақтастығын нығайтқаны үшін» медалін табысталды

ОҚО әкімі Жансаейіт Түймебаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовке «Қазақстан мен Түркия достығын және ынтымақтастығын нығайтқаны үшін» медалі табыстады. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Айтулы оқиға Оңтүстік Қазақстан облысында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - Тұғырым» атты салтанатты шара барысында орын алды. Облыс әкімі Ж.Түймебаев өңірді бұған дейін басқарған Асқар Мырзахметовке қазақ-түрік елдері арасындағы байланысты нығайтқаны үшін өз алғысын білдірді.

Өз кезегінде, барша Оңтүстік жұртшылығын Егемендіктің мерейлі тойымен құттықтап, алдағы уақытта да осынау қастерлі мерекені мәңгілікке сақтауға шақырған  Асқар Исабекұлы еліміздің барлық салаларда жеткен жетістіктеріне жеке-жеке тоқталып, республикамыздың осынау даму белесінде Оңтүстік Қазақстан облысының үлесі орасан екенін жеткізді.

«Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикалық, саяси, әлеуметтік дамуда толағай табыстарға жетті. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, осы мерзім ішінде әлеуметтік саладағы жұмыссыздық деңгейі 3 есеге қысқарып, халықтың жан басына шаққандағы кірісі 10 есеге ұлғайды. Жалпы ішкі өнім көлемі 300 АҚШ долларынан 11 мың АҚШ долларына жетіп, тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа дейін жетіп отыр», - деді А.Мырзахметов.

Айта кетейік, Асқар Исабекұлы 2009-2015 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысын басқарған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары