$ 448.15  483.46  4.86

ОҚО-да жыл басынан бері 46 480 жаңа жұмыс орны ашылған

Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сәтжан Полатов ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында хабарлады.

Егемендік тойы қарсаңында, жыл басынан бері облыста 46480 жаңа жұмыс орындары ашылғанын баяндаған Сәтжан Мұхтарұлы алдағы уақыттарда мемлекеттік және салалық бағдарламалар негізінде тағы да 51220 жаңа жұмыс орындары ашылатыны жоспарланып (оның ішінде 4687 орын «Нұрлы жол», 2404 орын «ҮИИД» бағдарламасы шеңберінде, 12031 орын мемлекеттік салалық, 2330 орын «Бизнестің жол картасы 2020 жол картасы», 1266 орын «Агробизнес 2020» шеңберінде, 6351 орын «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы», 22152 орын "Өңірлерді дамыту" мемлекеттік бағдарламалары аясында) жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, жергілікті жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында 11392 адамды жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналасатыны көзделгенін де атап өтті.

Саладағы елеулі жетістіктердің бірі «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы екенін айтқан спикер аталған бағдарламаның арқасында көптеген азаматтардың жұмыспен қамту нәтижесінде олардың табысы артып, әл-ауқатының жақсарып жатқанын қуантарлықтай жағдай екенін жеткізді.  

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2011 жылдан бастап инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлікті дамыту, кәсіптік даярлау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған «Жол картасы 2020» бағдарламасы жүзеге асыруда 6,2 мың адамға шағын несие берілсе, 20,3 мың адам кәсіби оқуға жолданып, мамандық алуына, 216,1 мың адамның тұрақты жұмысқа орналасып, табысын арттыруына мүмкіндіктер туған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары