$ 444.22  476.38  4.82

ОҚО-да Тәуелсіздік жылдарында жұмыссыздық деңгейі 3 есеге дейін төмендеген

Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сәтжан Полатов ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында хабарлады.

Аталған басқарманың Тәуелсіздік жылдарында жұмыспен қамту саласы бойынша жеткен жетістіктеріне арналған жиында басшы орынбасары Тәуелсіздік жылдарында облыс халқы 50%-ға өсіп, 2,8 млн. адамды құрағанын, сәйкесінше, жұмыспен қамтылған халықтың саны 60%-дан астамға өсіп,  жұмыссыз халықтың саны үш есеге жуық азайғанын жеткізді. Нақтырақ айтқанда, облыстағы статистикалық есеп бойынша 2000 жылы жұмыссыздық деңгейі 14,3 пайызды құрап, 2016 жылы 5,1 пайызға (2016 ж. ІІІ тоқсан қорытындысы) төмендеген. Ал осы мерзім ішінде аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек ретінде 42,8 млрд. теңгеден астам қаржы бөлініпті.   

«Тәуелсіздіктің 25 жылында жұмыспен қамтылған халықтың саны артып, жұмыссыздардың саны және жұмыссыздық деңгейі  төмендеуі байқалып отыр. Оның дәлелі 2009 жылғы жұмыссыздардың саны 75 мың адамнан бүгінгі күнге 62,1 мың адамға, жұмыссыздық деңгейі 6,6 пайыздан, 5,1 пайызға, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 8,1 пайыздан 3,5 пайызға дейін төмендеді», - деді С.Полатов.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 25 жлдығына орай облыстағы барлық аудан әкімдері мен басқарма басшылары 25 жылда атқарылған шараларды, жеткен жетістіктерді айтып, халық алдында есеп беруде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары