$ 442.05  474.14  4.74

Балалар арасында көркемсурет және авторлық өлеңдер байқауы өткізілді

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы бейнелеу өнері мұражайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай балалардың суреттері мен авторлық өлеңдер байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ жұмыскерлерінің балалары арасында өткізілді.

Суретшілерді үш категория бойынша таңдалды, яғни 7 жасқа дейін, 7-ден 11 жасқа дейін және 11-ден 15 жасқа дейін. Соңында «ХҚКО» департаментінің директоры Серік Авганбайев, «ЗКиТОН» директорының орынбасары Ерік Құдайбергенов және «ӘТВЕО» директорының орынбасары Жомарт Үмбеталиев байқаудың жеңімпаздарын марапаттап, сыйлықтар тапсырды.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Оңтүстік Қазақстан облысында «25 жұлдызды күн» акциясы өтіп жатыр. 21 қарашада басталған арнайы жоба 15 желтоқсан күні өз соңына жетеді. Айтулы акция аясында облыс аумағында жүздеген іс-шара ұйымдастырылуда. Олардың қатарында концерттік бағдарламалардан бөлек рухани кештер, айтыс, мүшайра, көкпар, ұлттық спорт түрлері, қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмелері, балалар арасында байқаулар, спорттық жарыстар және өзге де шаралар бар. Сондай-ақ, осы акция аясында облыс басшыларының қатысуымен бірнеше әлеуметтік нысан ашылды. Олардың қатарында денсаулық сақтау нысандары, балабақшалар мен мектептер және мәдениет үйлері бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары