$ 447.4  477.55  4.76

ОҚО әкімі Елбасы бейнеленген 10 мың теңгелік банкнотқа қатысты өз пікірін айтты

Бүгін Шымкенттегі «Отырар» кітапханасында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған бірнеше кітап пен деректі фильмнің тұсауын кескен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Елбасы бейнеленген 10 мың теңгелік банкнотқа қатысты өз ойын білдірді.

Салтанатты шарада сөз бастаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ширек ғасырлық осынау ұлы думанда мұндай шығармашылық туындылардың жасалып, кейінгі ұрпаққа естелік ретінде қалуы маңызды екеніне тоқталды. Сондай-ақ өңір басшысы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген 10 мың теңгелік жаңа қағаз ақшаның алғашқы банкнотын көпшілік назарына ұсынды.  

«Тәуелсіздік жылдарында Елбасының елге сіңірген еңбегі орасан. Сондықтан  осындай шешім қабылданып отыр. Мұнда Президенттің портреті. Астананың бойтұмары саналатын «Бәйтерек». Елдігіміздің елордасы. Ынтымағы жарасқан көпұлтты xалқымыздың ортақ шаңырағы – Қазақстан картасы. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тарту ретінде шығарылатын 10 мың теңгелік жаңа ақша еліміздің тарихынан сыр шертеді», - деді Жансейіт Қансейітұлы.  

Банкноттың екінші бетінде «Қазақ елі» монументіндегі киелі самұрық құс, «өмір ағашы» көрініс тапқан. Бұл – тарихи тамыры тереңнен бастау алатын егеменді елдің бейнесі.

«Елбасы мен Тәуелсіздік егіз ұғым. Өйткені Қазақстандағы қайбір жетістік те Ұлт көшбасшысының жанқиярлық ерлігімен, елдің ерен еңбегімен тікелей баланысып жатыр. Мұны сіздер Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай облысымызда шығарылып отырған бүгінгі кітаптардан да айқын аңғара аласыздар», - деді Ж.Түймебаев.

Сондай-ақ, облыс әкімі кітапхана басшылығына Түркия елінен арнайы жолданған  Елбасы туралы бірнеше журнал мен кітаптарды да тарту етті. Түрік елінің сазгерлері әзірлеген Елбасы туралы әндер жинағын да арнайы таныстырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары