$ 448.15  483.46  4.86

Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында ОҚО-да ондаған әлеуметтік нысан ашылады

Бұл туралы бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен селекторлық жиында айтылды. Отырысқа облыстық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері және әкімдіктің тиісті сала басшылары қатысты.

Жиында сөз алған Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев таяуда Әзербайжанның Шеки қаласында өткен ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің 34-ші отырысында Түркістан қаласын Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы етіп бекіту туралы шешім қабылданғанын қуанышпен айтып, облыс әкіміне Әзірбайжан мемлекетінің мәдениет министрінің арнайы сәлемдемесін, яғни   Түркі әлемінің мәдени астанасы белгісін табыстады.

Бұл өз кезегінде, Түркістан қаласының халықаралық деңгейге көтерілуі үшін үлкен мүмкіндік екенін айтқан аймақ басшысы келер жылы Шымкент пен Түркістанда түркі әлемінің басын қосатын ауқымды іс-шаралар өтетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, әкім көне Түркістанның түркі әлемінде алар орны мен маңыздылығына тоқтала келе оны мәңгілікке қалдыруға қол жеткізуге мүмкіндік беретіндей абыроймен өткізу қажеттігіне назар аударды.

Мәжілістің күн тәртібінде осы жылдың соңына дейін тапсырылатын құрылыс нысандары мен облыс аумағындағы жол-құрылыс жұмыстарының жағдайы, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 1-ші бағытының орындалуы және құрылысы жүргізілген коммуналдық мәселелер жайы қаралды.

Жиында баяндама жасаған облыстық құрылыс басқармасының басшысы С.Полатов жыл соңына дейін бірқатар әлеуметтік нысан пайдалануға берілетінін мәлімдеді.

Атап айтқанда, ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа ғимараты, Төлеби ауданы Киелітас ауылдық округі Султан Рабат ауылындағы ауысымына 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория ал, Түлкібас ауданында түрлі әлеуметтік 20 нысан пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, 25 жылдық мерейтойға Шымкент қаласы, әкімшілік іскерлік орталығында тоғызқабатты  №1,2  тұрғын үйлер мен тоғызқабатты жатақхана, Сарыағаш ауданында 4 қабатты 36 пәтерлі тұрғын үй, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында бір пәтерлі 50 тұрғын үй және Түркістан қаласында 72 пәтерлі 9 қабатты екі үй мен 60 пәтерлі 5 қабатты екі үй, Түлкібас ауданында 32 және 64 пәтерлі екі көпқабатты тұрғын үй тапсырлады. Және Мақтарал ауданында 125 орындық екі мектеп, Отырар, Төле би ауданындарында 6 спорт алаңшалары, басқада аудандарда білім ошақтары мен мәдениет нысандары ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары