$ 444.14  477.05  4.85

«ОҢТҮСТІК» қаржы орталығы төменгі пайызбен 1608 жобаны қаржыландырған

Бұл туралы ОҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған брифингте «ОҢТҮСТІК» АИО төрағасы Арман Данаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, жалпы сомасы 5 429,9 млн. теңге болатын 4 114 азамат жұмыс орны ашылатын 1 608 жоба қаржыландырылды. Аталған жобалар іске қосылған уақытта жыл сайын 23 млрд. теңгенің өнімі өндіріледі деп жоспарлануда. Олар ауылшаруашылығы өнімдері, трактор, жиһаз, құрылыс заттары және т.б.

Яғни, орталық индустриаландыру картасына енген 6 жоба, мал шаруашылығын дамыту бағытында 661, көктемгі дала жұмыстары бойынша 839, интенсивті бау шаруашылығы бойынша 2 жоба, ал ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласы бойынша 3 жоба және басқа да бағыттарда 97 жобаға қаржылай қолдау көрсеткен.

«Жалпы 2009-2016 жылдары «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы мен еншілес «Ырыс» микроқаржы ұйымы бірлесе отырып жалпы құны 41 889 млн. теңгені құрайтын 13 921 жобаны қаржыландырды. Нәтижесінде 36 419 жаңа жұмыс орындары ашылды.

2016 жылы орталық қаржыландырған жобаларының аудан, қала кесіндісі бойынша қазіргі таңда Ордабасы ауданы ең жоғарғы көрсеткішпен тіркеліп отыр. Яғни биыл аталған ауданда 1 214,0 млн. теңгеге 126 жоба несиелендірілген.

Сондай-ақ, компания басшылығы алдағы жылға өз алдына бірқатар міндеттемелер мен жоспарлар қойып отырғандығын мәлім етті. Айтылған деректер бойынша, орталық қосымша екі жаңа бағдарлама әзірлеп ұсынуды жоспарлауда. Олар ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және бизнес инкубатор бағдарламалары. Оған қоса еңбек өнімділігінің сапасын арттыру мақсатында e-stable электронды платформасын ендіру.

Сонымен қатар, компания жұмысының траспаренттілігін арттыру мақсатында электронды құжат айналымы жүйесін ендіру сияқты біршама жоспарлары бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары