$ 446.49  475.38  4.79

Шығармашылық байқау - Тəуелсіздіктің 25 жылдығына арналды

Бүгін «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн акциясы аясында облысымыздағы түрлі этнос жастарының қатысуымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» тақырыбында шығарма жазудан байқау өтті.

ОҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған шараға жоғары және арнаулы оқу орындарынан және мектептерден 60 жас қатысты. Іс-шараға облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ директоры Е.Байқонақов қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Еліміздің Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктеріміз жайлы қалам тербеген жастардың шығармаларын арнайы құрылған қазылар алқасы бағалап, үздік деп танылған сегіз туындыны республикалық байқауға жолданды.

Айта кетеу керек, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған аталмыш байқау қараша айының 22-24 күндері аралығында облысымыздың барлық аудан, қалаларында өткізілді.

Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысында барлығы 100-ден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Бір шаңырақ астында бір атаның балаларындай өмір сүріп келе жатқан отырған этностардың сан жағынан ең көбі өзбектер. Мұнан кейін орыс пен тәжік ұлтының өкілдері ОҚО-да көптеп кездеседі. Былтыр ҚХА-ның 20 жылдығы аясында осы ұлттар мен ұлыстар облыс аумағында жүздеген іс-шара өткізген болатын. Шаралардың көбі қайырымдылық негізде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары