Нұрлы жол 10.12.2016 сағат 10:48

Шымкентте бір мезетте бірнеше орында ел Тәуелсіздігінің жетістіктері ұлықталды

Мәңгілік ел болуды мақсат еткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында берік бірлігі мен бекем тірлігі арқылы айтарлықтай жетістіктерге жеткен қазақ елінің ұлағатты жолын айшықтау мақсатында бүгін Шымкент қаласының бірнеше аумағында қала әкімдігінің қолдауымен бір мезетте салтанатты жағдайда синхрон-акциясы ұйымдастырылды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Атап айтқанда, Әл-Фараби алаңында, Тәуелсіздік саябағында, жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының алаңында, Шымкент әскери гарнизонында, №55, 86, 89, 107 орта мектептерінде концерттік қойылымдар қойылып, әуеге шар ұшырылды. Шараға барлығы 3 мыңға жуық қала жастары қатысты. Өз кезегінде, елдің ертеңін бағамдай білетін жастар осындай шаралар арқылы жалпыұлттық отансүйгіштік сезімді қалыптастыратынына сенім білдірді.

Сонымен қатар, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғимаратының алдында студент жастар флэшмоб ұйымдастырып, «I LOVE KZ» жазуын бейнеледі.

Бұдан бөлек, қала кәсіпкерлері әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көмек қолын созып, мерекені өз деңгейінде сезінуге атсалысуда.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысында «25 жұлдызды күн» акциясы бастау алған болатын. Оның аясында мерекелік концерттер, рухани және әдеби кештер, спорттық жарыстар және қайырымдылық акциялары өтуде. 21 қарашада басталған аталған жоба 15 желтоқсанда өз мәресіне жетеді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар