$ 443.37  474.49  4.83

ОҚО-да балалар үйінің тәрбиеленушілері Тәуелсіздік саябағында болды

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойының қайырымын бүкіл халық көруде. Кеше Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері арнайы Шымкентке келіп, қаланың көрікті жерлерін аралады.

Қайырымды жандардың ұйымдастыруымен өткен шара барысында ата-ана қамқорынсыз қалған жеткіншектер алдымен жуырда ғана ашылуы болған «Шымкент-Плаза» ойын-сауық орталығында болып, жаңа ғимараттың жаңалықтарымен танысты. Мұндай олар кинотеатрда болып, түрлі сыйлықтарға ие болды.

Мұнан кейін жеткіншектер тура 5 жыл бұрын ашылған Тәуелсіздік саябағына келіп, еліміздің егемендік жылдарында жеткен жетістіктерінен, мыңжылдық тарихынан құлағдар болды.

«Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін балаларымыз біліп өсуі тиіс. Бүгінгі шара сол мақсатта ұйымдастырылып отыр. Мына балалардың әрбір қуанышы, жүзіндегі күлкісі біз үшін аса қымбат», - дейді қайырымдылық шарасын ұйымдастырушы «Жаңа талап» спорттық-туристік агенттігінің директоры, ОҚО байдарка және ескек есу федерациясының президенті Денис Жарменов. 

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысында «25 жұлдызды күн» акциясы бастау алған болатын. Оның аясында мерекелік концерттер, рухани және әдеби кештер, спорттық жарыстар және қайырымдылық акциялары өтті. Сонымен қатар, елімізге еңбегі сіңген азаматтар Мемлекет басшысының, облыс және қала әкімдерінің атынан марапаттарға ие болды. 21 қарашада басталған аталған жоба 15 желтоқсанда өз мәресіне жетіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары