$ 449.58  486.94  4.86

Тәуелсіздіктің тірегі – татулық

Елдегі татулық туын биік ұстаған түрлі этномәдени орталықтардың белсенділері мен қоғамдық келісім мекемесінің қызметкерлері де марапат алып, марқайды.

Құрметке бөленгендерің қатарында Жұмат Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрының әртісі Ғазиза Хасенова мен «Көркем» әжелер ансамблінің әншісі Ұлбала Саудабаева да бар. «Достық пен келісім - адамзат тарихындағы бағасы биік құндылық. Тәуелсіздіктің жемісті болуы да дәл осы ынтымақтың нәтижесі», - дейді олар.

Бұл тұста оң жол, дұрыс бағытты «Мәңгілік ел» бағдарламасы айқындап берді. Отбасы саулығы мен қауіпсіздігі, елдегі тұрақтылық осы маңызды құжатта көрініс тапқан. Аталған ізгі қасиеттер игілікке бастайды. Мұны уақыттың өзі дәлелдеп берді.

Айта кетейік, облысымызда 100-ден аса ұлттың өкілдері мекен етеді. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған жандардың мызғымас бірлігі елдің ертеңге деген сенімін арттыра түспек. Бүгінгі сый-сияпат сол еселі еңбектің еленгені.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы Оңтүстік Қазақстан облысында кең ауқымда аталып өтті. 21 қараша күні басталған «25 жұлдызды күн» акциясы 15 желтоқсанға дейін жалғасып, ол жүздеген мерекелік шараны қамтып отыр. Атап айтқанда, концерттік бағдарламалар, рухани және әдеби кештер, спорттық жарыстар, ұлттық спорт турнирлері, қолөнер шеберлерінің және суретшілердің көрмелері, балаларға арналған байқаулар – бәрі де осы 25 күннің шеңберінде өткізілді.

Сонымен қатар, бұл күндері облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуына үлес қосқан азаматтар түрлі марапаттарға ие болып жатты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары