$ 447.4  477.55  4.76

Мереке мерейі – марапатпен!

Әкенің қаны, ананың көз жасымен жеткен Тәуелсіздігіміздің торқалы тойын тойлауға Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бәйдібек жұрты тайлы-тұяғымен жиналды. Ілкі буын өнегелі әңгімесін арнаса, жастар жаһұт жырын әнге қосты.

Салтанатты шара барысында аудан өнерпаздары ән-жырдан шашу шашып, халықты ерекше күйге бөледі. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтардың еңбегі еленді. Мерекелік төсбелгі табыс етіліп, құрмет көрсетілді. Қол жеткен жетістіктер сараланып, атқарылар жоспарлар талқыланды. Тәуелсіздік - халықтың жұмыла жеткен жетістігі. Ал, оны мәңгілік ету – ұлы жеңіс. Аудан қариялары өскелең ұрпаққа осыны жеткізіп, кемел келешектің тізгіні жастар қолында екенін ұғындырды. Ақ-адал тілектерін айтып, ізгі баталарын берді.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы Оңтүстік Қазақстан облысында кең ауқымда аталып өтті. 21 қараша күні басталған «25 жұлдызды күн» акциясы 15 желтоқсанға дейін жалғасып, ол жүздеген мерекелік шараны қамтып отыр. Атап айтқанда, концерттік бағдарламалар, рухани және әдеби кештер, спорттық жарыстар, ұлттық спорт турнирлері, қолөнер шеберлерінің және суретшілердің көрмелері, балаларға арналған байқаулар – бәрі де осы 25 күннің шеңберінде өткізілді.

Сонымен қатар, бұл күндері облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуына үлес қосқан азаматтар түрлі марапаттарға ие болып жатты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары