$ 444.32  473.33  4.76

Тәуелсіздік мерейтойын отырарлықтар да атап өтті

Атаның қаны, ананың жасымен келген азаттық тойын отырарлықтар да дүбірлетіп атап өтті. Айтулы күні елдің егемендік жылдардағы жетістігі айтылып, бейбіт өмір тіршілігі сөз болды. Киелі мекеннің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан азаматтар арнайы марапатталды.

Отырар – тарихы тереңде жатқан қасиетті мекен. Қазақ жұртының ел болып қалыптасып, тәуелсіздікті еншілеуі жолында ұлылар елінің үлесі ерек. Қайтпас қайсарлығынан таймайтын өжет мінез отырарлықтардың өн бойында әлі сақтаулы. Рухани мекенге Астанадан арнайы келген қонақ осылай деді. Шындығында, аядай ғана ауданның күн санап өсуі, ең бірінші Тәуелсіздік тартуы десек, екіншіден еңбекқор елдің еңбегі.

Ерлан Айтаханов – Отырар ауданының әкімі

Бүгінде барлық ауылдық округтердің ажары кірді. Бірнеше ауылға аяқжолдар салынып, көшелер абаттандырылды. Бұл ешбір мемлекетте болмаған жетістік. Бұл тұрғыдан қарағанда сіздердің еңбектеріңіз орасан!

Салтанатты шарада бірқатар аудан тұрғындарының мерейі асып, алғысқа бөленді. Отырар ауданының құрметті азаматы төсбелгісімен марапатталды. Солардың бірі – «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы – Абай Балажан. Отырардың құрметті азаматы тұрмақ, жай азаматы болудың өзі бақыт, - дейді қаламы қарымды әріптес. «Торқалы тойдағы марапат – елдігімнің айғағы, еңбегімнің дәлелі», - деп, біледі.

Абай Балажан – «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы

- Тәуелсіздік құдайдың сыйы. Оны бізге жай бере салған жоқ, ол төгілген қан мен аққан жастың өтеуі ретінде берілген. Біз де бақытты болуға лайықпыз! Міне, бақыт құшағындамыз. Бұл марапат бақыт, оның жауапкершілігі жеке мен үшін жоғары. 

Отырар – кәрі тарихтың қайнар көзі. Ұлы бабалардың ұлағатты жолы. Тәуелсіздік тарихынан сыр тартатын қазақтың темірқазық  елі. Қадірі қазақ жұртымен арта түсуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары