$ 448.15  483.46  4.86

Түркістандық мұғалімдер мерекелік марапатқа ие болды

Бала тәрбиелеп, ұрпаққа білім үйретумен ерекшеленген жандар да құрметке ие. Түркістан билігі Тәуелсіздік тойында ұлағатты ұстаздар алдында бас иді. Бұл – болашаққа құрмет. Осылай деген билік өкілдері ерен еңбек иелеріне мерекелік төсбелгілер табыс етті.

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға! Иә, осы қанатты сөзді арқау еткен  түркістандық мұғалімдер бала тәрбиелеу жолында тынбай еңбек етіп келеді. Бүгін міне, салтанатты түрде аудан басшылығының қолынан министрліктің алғыс хаттарын алып, төсбелгілер тағынды. Ұлағатты жандар мұны – Тәуелсіздіктен тапқан бақытымыз, - деп, біледі.

Рухани шаһар ұстаздарының мерейі қашанда үстем. Осылай деген білім бөлімінің басшылығы мұғалімдердің талай додаларда топ жарып, толағай табыстарды еншілегенін екшеді.

Осылайша, тарихи мекен мұғалімдерінің азаттық тойы қарсаңында айбындары асты. Марапат алдағы уақытта еңбегімізді шыңдай түсуге мүмкіндік береді дейді олар.

Айта кетейік, ел мерейін үстем еткен Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысында бірқатар азамат түрлі марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, өңірдің экономикасы мен әлеуметтік дамуына үлес қосқан тұлғалар Елбасының, облыс пен қала әкімдерінің атынан «Тәуелсіздікке 25 жыл» төсбелгілерімен марапатталды. Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, құқық қор,аушылар, журналистер және дәрігерлер бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары