$ 444.32  473.33  4.76

Желтоқсан көтерілісіде алаңға шыққан жастар 30 жылдан кейін бас қосты

Иә, тәу еткен тәуелсіздігіміз оңайшылықпен келген жоқ. Тарихтағы желтоқсан оқиғасы азаттықтың алдаспаны, еркіндіктің жаршысы болды Бодандық бұғауынан шығуға талпынған 86-ның жастары бүгін облыстық саяси қуғын-сүргіндер мұражайында бас қосты.

Сәбит Исабеков – Желтоқсан оқиғасының куәгері. Тепсе темір үзер тегеурінді жігіт Кеңес үкіметінің әділетсіз саясатына көз жұма қарай алмады. Өзі құралпы жастарды бір тұғырға жинады. Сол оқиға Сәбит ағаның күні бүгінгідей көз алдында. Солақай саясаттың сойылы ешкімді оңдырған жоқ. Бірі-тар қапаста өмірінің көктемін өткізсе, қайсыбірі қыршын кетті. Тәуелсіздік тойымен тұспа-тұс келген тарихи оқиғаға биыл 30 жыл. Қайрат пен Ләззаттардың өршілдігін бүгінгі буынға өнеге ету есті буынға парыз ретінде айтылды. Арнайы фильм көрсетіліп, жиналғандар одан оралымды ой түйді.

Айта кетейік, Кеңес Одағының іргесі сөгіліп, ыдырауына себеп болған Алматыдағы Желтоқсан көтерілісінің биыл 30 жылдығы. Жыл сайын 16 желтоқсан күні таңертең қоғам қайраткерлері мен қарапайым тұрғындар осынау көтерілістің құрбаны болған қазақ жастарының әруағына дұға бағыштап, құран оқуды әдетке айналдырған.

1986 жылы Алматыдағы орталық алаңда орын алған осынау оқиғаға енді ғана тарихи баға беріліп отырғанын да айта кету керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары