$ 445.66  474.58  4.78

«Ырыс қонған, бақ қонған - Оңтүстіктігім»

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданында тәжік этномәдени орталығының ұйымдастыруымен «Ырыс қонған, бақ қонған - Оңтүстіктігім» атты іс-шара болып өтті. Достық ауылдық округі Гүлстан елдімекенінде өрбіген іс-шараға аудан әкімі, өңіріміздегі этномәдени орталықтардың өкілдері мен бірқатар ұлт зиялылары қатысты.

Айта кету керек, Тәуелсіздік алған жылдары аудан экономикасы 30 есеге өскен. Аймақта 60-қа жуық әлеуметтік нысан салынды. Оның 90 пайызы – білім ошақтары. Әлеуметтік-экономикалық салаларда өңірдің жеткен жетістіктерін баяндаған аймақ басшысы жергілікті тұрғындарды ұлық мерекемен құттықтады. Өңіріміздегі барлық этномәдени бірлестік өкілдері осында бас қосып, тәжік халқының мәдениеті мен салт-дәстүріне терең қанықты. Патриоттық рухтағы әндерді тыңдады.

 Айта кетейік, Мақтарал ауданында  350 мыңға жуық халық бар. Оның  8 пайызы – тәжік этносының өкілдері.  

Нарбибі Ходжаева  –  облыстық тәжік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары

- Біздің отанымыз біреу, ол – Тәуелсіз Қазақстан. Халқымыз аман, жұртымыз тыныш, егемендігіміз мәңгі болсын! Мұндай бақытқа жете алмай жүрген халықтар көп. Сондықтан шүкір дейміз, тәуба дейміз! Біз шынында да бақытты елміз!

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында 100-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүріп келеді. Өзге этнос өкілдерінің арасында сан басымдығы жағынан өзбек ұлты алда. Сондай-ақ, этникалық орыстар мен тәжіктер де ОҚО-да көп қоныстанған. Бір Мақтарал ауданының өзінде 25 мыңнан астам тәжік өмір сүреді. Көрші Сарыағаш ауданында олардың саны 5,5 мыңнан асады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары