$ 448.15  483.46  4.86

«Тәуелсіздік құрдастары» ағаш көшеттерін отырғызды

Облыс көлемінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында қолға алынған сенбілік шарасы Түркістан қаласында кең қолдауға ие болды.

Қаладағы өтіп жатқан тазалық күніне мемлекеттік мекеме қызметкерлері және жеке сектор өкілдері қатысуда. Соның ішінде, Түркістан қаласының орталығындағы саяжайлар, көше жиектері тазаланып, ағаш көшеттері отырғызылуда. Және де қалаға қарасты ауылдық округ тұрғындары да атаулы күнге өз үлестерін қосуда. 

Сонымен бірге, ел тарихындағы Тәуелсіздік атты айтулы мерекені ұлықтауға бағытталған іс-шара жоспарына сай бүгін «Тәуелсіздік құрдастарының» ағаш көшеттерін отырғызу акциясы өтуде. Бұл шарада 100-ден астам жас мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызуда. Акцияға қатысушы Түркістан қаласының тұрғыны Абай Берден: «Тәуелсіздік құрдастарының» ағаш көшеттерін отырғызу шарасына мен де өз үлесімді қосу үшін келіп отырмын. Қаламыз көркейіп, туған өлкеміздің гүлденуіне құрбы-құрдастарыммен қатар қолтаңбамды қалдырғым келеді. Келешекте еліміздің өсіп-өркендеуіне мол үлес қосамын деп сенемін» - деп ізгі ниетін жеткізді. 

Осылайша экологиялық шараның мән-маңызын өз істерімен арттыруға үлес қосып жатқан түркістандықтар қызу іске кірісіп кеткен.

Айта кетейік, Тәуелсіздік қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысында бірқатар игі шаралар қолға алынған. Аудан-ауылдарды абаттандыру мақсатында қоғам белсенділері көшеге шығып, көгалдандыру жұмыстарымен айналысып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары