$ 449.58  486.94  4.86

Иманды келін – ұлт болашағы

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүтік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Пай-пай, қазақтың келіндері-ай» атты келіндер сайысы өтті.

Қазақтың әдет-ғұрпын құрметтеп, салт-дәстүрін берік ұстанған инабатты, ибалы қазақ келінін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған сайысқа Арыс қаласы мен ауылдық округтерден ең шебер, сымбатты келіндер қатысып, бақтарын сынады.

Қатысушылар байқау шарттары бойынша алдымен өздерін таныстырып, қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы жайында қойылған сауалдарға жауап берді. Мұнан соң, өздері жасаған қолөнер бұйымдарын қазылар алқасына ұсынып, ұлттық киім үлгілерінен сән көрсетті. 

Сәні мен салтанаты жарасқан келіндер қазылар алқасының шешімі бойынша «Бас жүлдені» - Н.Елғонова, І-орынды А.Нұрмат, екі ІІ-орынды А.Сәрсенбиева мен Т.Бердімбетова, ІІІ-орынды Г.Сартаева иемденді.

Өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылған «Пай-пай, қазақтың келіндер-ай» байқауына қатысушыларға сый-сияпаттар табысталып, түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Оңтүстік Қазақстан облысында түрлі іс-шаралар легі өтіп жатыр. Олардың қатарында мерекелік концерттер, рухани және әдеби кештер, спорттық жарыстар, қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмелері және салт-дәстүрді ұлықтайтын осындай іс-шаралар да бар. Келіндер арасындағы сайыс Арыс қаласымен бірге ОҚО-ның Ордабасы, Бәйдібек сынды тағы бірнеше аудандарында өтіп, нағыз қазақы болмысын сақтаған келіндерді анықтап берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары