$ 448.15  483.46  4.86

Кентаудың ширек ғасырдағы жетістіктері насихатталды

Жуырда Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының кіші залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында салалар бойынша жеткен жетістіктер көрсеткіштерін насихаттау туралы Кентау қаласының ақпараттық-насихаттық топ мүшелерімен семинар-кеңес болып өтті.

Кеңеске қала әкімінің орынбасары Р.Мыңбаев, облыстық өзбек этно-мәдени орталығының төрағасы И.Хашимжанов, облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы М.Қырықбаев, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Бақберген және қала ақсақалдары мен жастары, мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Семинарды қала әкімінің орынбасары Р.Мыңбаев жүргізіп отырды. Облыстық өзбек этно-мәдени орталығының төрағасы И.Хашимжанов Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында салалар бойынша республикада, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында жеткен жетістіктердің көрсеткіштері туралы атап өтті.
Қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Бақберген «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында салалар бойынша Кентау қаласында жеткен жетістіктердің көрсеткіштері туралы» мәліметтер берді.
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бас маманы М.Қырықбаев қорытынды сөз сөйледі.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудан-қалалары ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 25 жылдың жетістіктеріне есеп беруде. Сондай-ақ, осы ширек ғасырда өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуына үлес қосқан азаматтары да мерекелік наградалармен марапатталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары