$ 442.05  474.14  4.74

Менің ағашым менімен бірге өседі

Осындай тақырыпта Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай тал егу акциясы өтті. Аталмыш шараға қаладағы 23 мектептің 2019 бірінші сынып оқушылары қатысып, талдың көшетін отырғызды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Іс-шараның басты мақсаты – жастарды табиғатты қорғауға, аялауға баулу. Сол себепті бірінші сыныптың оқушылары жоғарғы сыныпты бітіргенше өздері еккен талдарға қарайды. Осындай игі іс арқылы қала жастары қаланы жасыл елге айналдыруға өз үлестерін қоспақ. Мұндай игі іс əр жыл сайын жалғасын табатын болады дейді шараны ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудан-қалаларында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни, елдімекендерде сенбіліктер ұйымдастырылып, халық өз еркімен тазалықпен айналысуда. Бұдан бөлек, жоғарыда айтқанымыздай барлық аудан орталықтарында көгалдандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде.

Атап айтсақ, бұған дейін Шымкент, Арыс, Түркістан қалаларында қылқан жапырақты ағаштар отырғызылып, жасыл белдеудің аумағы кеңейтілсе, Арыста жаңа дендрарий саябағы ашылды. Бұлардан бөлек, мерейлі мерекеге орай облыс аумағында ондаған әлеуметтік нысанның да ашылғанын айта кету керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары