$ 444.22  476.38  4.82

Күн сайын әнұран шырқалады

Сейсенбiде Шымкенттегi жоғары жаңа технологиялар колледжiнде  Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елi — Тәуелсiздiктiң 25 негiзi» атты 25 жұлдызды күн акциясы аясында «Мемлекеттiк рәмiздер» тақырыбында iс-шара өттi. Оқу орнының мәжiлiс залына жиналған студенттер Мемлекеттiк Әнұранды шарықтата орындады. Мұнан кейiн сөз алған колледж директоры Қ.Досалиев мемлекеттiк рәмiздердiң маңыздылығына тоқталды.

– Елдiгiмiз бен тәуелсiздiгiмiздi айшықтайтын мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуiмiз керек. Бiздiң оқу орнында сабақ басталмас бұрын Әнұран орындалады. Бұл игiлiктi үрдiске айналған. Мұнда елiмiздiң патриоттары, болашақ мамандар оқып жүр. Сондықтан оларды отансүйгiштiкке баулу, адалдыққа тәрбиелеу басты мiндетiмiз, – дедi Қанатбек Балтабайұлы.

Раушан Мырзалы аталмыш колледжде I курста оқиды. Оның айтуынша, Отанға деген сүйiспеншiлiк ел рәмiздерiн құрметтеуден басталады. Олар күн сайын Әнұран орындауға асық. «Бұл — Тәуелсiздiгiмiздiң жетiстiгi» дейдi студент қыз. 

Естеріңізге салайық, «Ұлы дала елi — Тәуелсiздiктiң 25 негiзi» атты 25 жұлдызды күн акциясы Оңтүстік Қазақстан облысында 21 қараша күні басталған болатын. Оның аясында бүгінге дейін ондаған іс-шара өтіп үлгерді. 15 желтоқсанға дейін жалғасатын осынау акция барысында тек концерттік бағдарламалар емес, сондай-ақ, рухани, әдеби кештер, спорттық сайыстар, қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмелері және өзге де мерекелік шаралар өтеді деп жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары