$ 448.89  477.93  4.76

Жауынгерлiк рух сынға түстi

Шымкенттегi жеңiл атлетика кешенiнде «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛI — ТӘУЕЛСIЗДIКТIҢ 25 НЕГIЗI» 25 жұлдызды күн аясында «Жас Ұлан» республикалық әскери-патриоттық ойындары өттi. Қызылорда, Астана, Алматы қалаларынан келген колледж оқушылары әскери киiмде сап түзедi.

Салтанатты шара елiмiздiң Әнұранымен ашылды. Облыстық қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментi бастығының орынбасары Ә. Шынтаев жиналғандарды мерейлi мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттiлiк тiледi.

— Ғасырлар бойы арман болып, қол жеткiзген ел тәуелсiздiгiн сақтап қалу бүгiнгi жастар, ертеңгi ел азаматтары —  сiздердiң қолдарыңызда.  Студенттер арасындағы әскери-патриоттық тәрбиенi дамыту, жастар арасында салауатты өмiр салты мен спортпен шұғылдануды насихаттау және тәжiрибе алмасу мақсатында өтiп жатқан шараның жастарға берер тағлымы мол, -- дедi Ә.Шынтаев. 

Шымкентте алғаш рет ұйымдастырылып отырған бұл ойындар жастарды шыдамдылық пен берiктiкке баулып қана қоймай, командада бiрлесе жұмыс iстеудiң маңыздылығын түсiндiредi. Жауынгерлiк рухты көтеретiн сайыста жiгiттер алғашқы әскери дайындық кезiнде үйренгендерiн паш етедi.

Жалпы, ойынға ниет бiлдiрген 12 команданың алтауы сайысқа түстi. Олар қолданбалы дәрiс негiзiнде 5 спорт түрiнен бақ сынасты. Ерекшелiгi сол, бiр қатысушы келесi сайыс түрiне қатыса алмайды. Онда қатысушылар пневматикалық мылтықты қолдану тәсiлдерiн көрсетсе, ендi бiрi «Калашников» автоматын құрастыруда шапшаңдық танытты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары