$ 442.05  474.14  4.74

Тәуелсіз елдің ұланымыз!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы жастары арасында "Тәуелсіз елдің ұланымыз!" суретшілер байқауы өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

14 пен 29 жас аралығындағы өнерлі өрендер еліміздің егемендігін қағаз бетінде бейнелеп, көпшіліктің назарына ұсынды. 38 үміткер өз туындысын бәйгеге қосып, қазылар алқасының төрелігіне жүгінді. Байқау нәтижесінде "Батсу" негізгі орта мектебінің оқушысы Н.Жақсылықова бас жүлдені иеленіп, "Кәусар" гимназиясынан Қ.Ерболатұлы - І, Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектеп оқушысы Д.Нұртаев - ІІ, Амангелді жалпы орта мектебінен Ж.Сайлаубек ІІІ орынды өзара бөлісті. 

Аудандық Жастар орталығының директоры М.Сайлыбаев байқауға қатысушыларға ерекше ризашылығын білдірді. Қазақстанның Тәуелсіздігі - баға жетпес байлығы екенін айта келе, жастарды жақсылыққа үндеді. Жүлдегерлерге аудан әкімінің Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Осы ретте айта кету керек, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан іс-шаралардың қатарында жастардың қатысуымен өткен шаралардың саны басым. Яғни, мерейлі мерейтойды атап өтуде өскелең ұрпақ айтарлықтай белсенділік танытып отыр. Мәселен, бұған дейін оқушылар мен студенттердің бастамасымен облыс аумағында жас ғалымдардың көрмесі, түрлі флешмобтар, өнер байқаулары және спорттық сайыстар өтуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары