$ 444.32  473.33  4.76

Ауылдың өткені мен бүгіні дәріптелді

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар жалғасын табуда. Бүгін Қарақұм ауыл округінде салтанатты жиын өтіп, ауыл округінің құрылу тарихы, өткені мен бүгіні дәріптелді. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ауыл округі әкімі Мұрат Махалұлы ізгі іс-шараны еңбек ардагерлерін марапаттаудан бастады. Қарақұмның құрылу тарихы арнайы көрме арқылы жұрт назарына ұсынылды. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Құрманәлі Жылқыбай ауылдықтарға аудан әкімі Алмасбек Кеңесбекұлының құттықтауын жеткізіп, Тәуелсіздік шежіресіне тоқталды. 

Той әсем әнмен әрленіп, өнерпаздар биден шашу шашты. "Қарақұм" жалпы орта мектебінің оқушылары "Қарақұм" ауылының дамуына еңбек сіңірген азаматтарға жыр арнап, көрермендерге әдеби монтаж ұсынды.

Ордабасы – Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи жер. Ордабасы тауының қойнауында 1726 жылы Орда тігіліп, қазақтың үш жүзінің игі жақсыларының басы қосылып, жоңғар басқыншылығына қарсы күреске халықты жұмылдыру жайы талқыланды. Бұл жиын-қазақ елі тарихындағы аса ауыр сын кезінде, халықтың рухын көтеріп, ұлттық намыстың отын жаққан, жүрекке жігер, бойға қуат беріп, алдағы ұлы шайқастарға бір­тұтас ел болып аттанудың тағдырын шеш­кен аса маңызды оқиға болып саналады. Осы кезден бастап-ақ, ол киелі, әулиелі жер саналып келеді. "Күлтөбенің басында күнде жиын"-деген сөз сол заманнан қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары