$ 448.15  483.46  4.86

Кәсіпкерлер Сарыағаш кітапханасына сый жасады

Оңтүстік жастары үшін тарту! Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Сарыағаш аудандық кітапханасына 800 кітапты сыйға берді. Шенеунік бұл тартуды жай жасаған жоқ. Өйткені оқулықтардың ішінде үш тілде шетелдік әдебиеттер және бизнес жоспарын құру туралы мәліметтер жазылған.

Аудандық кітапта бүгінге дейін 630 мың дана кітап сақталған. Оған қоса тұрақты 20 мың оқырманы бар. Солардың бірі — Жұлдыз Жұман. Психолог болып жұмыс істейтін жас маман үнемі осында келіп өзіне, қажетті мәліметтерді іздейді.

Осылайша аудандық кітапхана өз оқырмандары үшін жаңа кітаптармен толықты. Әлтаев мырзаның бастауымен қолға алынған мұндай игі бастамалар өзге де ауданда жалғасып, шалғайдағы халықтың бизнестегі сауатын ашуда өз септігін тигізуде.

Айта кетейік, мерейлі мерейтойға орай Оңтүстік Қазақстан облысында «Кітапханалқ керуен – 25 ауылға» атты акция ұйымдастырылған болатын. Оның аясында ОҚО Отырар ғылыми әмбебап кітапханасының қызметкерлері ауыл-аймақтарды аралап, жаңа туындылармен оқырмандарын қуантты.

Кітапхана – рухани орда. Ауыздағы аңыз, тастағы тарих, хаттағы деректің қайнар көзі.  Оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі. Сан сұраққа, мың мәдениетке, қатпар-қатпарлы тарихқа куә боласыз. Елдікті бекемдеу, ширек ғасырлық шежірені түгендеу тұсында, кітапхананың алар рөлі ерекше. «Кітапxаналық Керуен» акциясы аясында ел тарихынан небір деректер келтіріліп, өткенге салауат, бүгінге қанағат айтылды. Қорда сирек кездесетін дүниелер туралы да мол мағлұматтар берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары