$ 447.4  477.55  4.76

Шымкентте бірқатар балалар алаңшалары

Шымкенттегі Абай ауданында көп қабатты үй аулаларын қайта құрып, абаттандыру жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде биыл аудан бойынша 17 алаң абаттандырылып, үй тұрғындарын қуантып отыр. Аудан әкімдігі бұдан бөлек Шымкент қаласына жаңадан қосылған елдімекендерді де ұмыт қалдырмай, көңіл бөлмек.

Қар астында қалған алаңшалар көктем келе сәбилердің күлкісіне толы болады деген үміт көп. Себебі Юрий Гагарин көшесінің тұрғындары тап осылай ауланың абаттандырылуын көптен күткен болатын. Тіпті, шағымдарын өздері сайлаған депутатарға дейін жеткізді, енді нәтижесі жаман емес.

Енді республикалық бюджеттен бөлінген қосымша 160 млн теңгеге қалаға жаңа қосылған елдімекендердегі 13 ауланы абаттандыру басталды. Қорытындысында Абай ауданы бойынша 240 ауланың 200-і толық жөндеуден өткізілді.

Алдағы жылға да жоспар үлкен бүгінгі таңда қалған 20 аулаға ЖСҚ дайындалыпты. Құрылысқа қаражат қаралса, алдағы көктем айында жұмыс жалғасын табатын болады.

Естеріңізге салайық, бұған дейін ОҚО әкім Жансейіт Түймебаев пен Шымкент әкімі Ғабидолла ӘБдірахымов дәл осы Абай ауданында жаңадан салынған балалар алаңдарына келіп, халыққа ресми тапсырған болатын.

«Халыққа ыңғайлы жағдай жасау мақсатында қалада ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілді. Мәселен, шаһардағы  көпқабатты 1020 тұрғын үйдің  829-ндағы аулалар жөнделіп, 334 үйдің ауласына жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Ал 686 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына электр бағаналарын орнату жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда», - деді облыс әкімі сол басқосуда.

Жалпы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай,  «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, 80-нен астам көпқабатты тұрғын үйдің ойын алаңдары қайта жөнделіп, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары