$ 448.15  483.46  4.86

Шымкентте классикалық әндер шырқалды

Шымкентте классикалық әндер шырқалды. Шаһарға «Мэджик оф номад» тобының ұжымы келіп, шығармашылық кеш өткізді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған концерттегі әуендер түрлі аспапта шырқалды. Бұл кеште халық әндері де ұмыт қалмады деп жазады Otyrar.kz.

Соның ішінде «Ақ бақай, «Ақ сиса» және «Гәкку» әндері шырқалды. Айта кетейік, бұл топта сегіз адам өнер көрсетеді. Ұжым алғаш 2008 жылы Лондон қаласында құрылған болатын. Содан бері шығармашылық топ өкілдері класиикалық әндерді шырқап келеді.

Тәуелсіздіктің мерейтойына арналған кеш алты сағатқа созылды. «Мэджик оф номад» тобының ұжымы енді мұндай гастрольдік сапарларын шетелде де жалғастырмақ. Ол концерт жаңа жылдан кейін болады деп күтілуде.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтсүтік Қазақстан облысында түрлі мерекелік мәдени іс-шаралар өтті. Шаралардың барлығы «23 жұлдызды күн» акциясы аясында ұйымдастырылған. Атап айтқанда, мереке қарсаңында облыс орталығында дәстүрлі романсиада өз мықтыларын анықтап, романс жанрын сүйетін шымкенттіктерге ұмытылмастай кеш сыйлады. Бұдан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облыстық облыстық орыс драма театрында Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театрының әртісі Үралхан Сейлбекованың концерті өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары