$ 443.85  474.3  4.8

Шымкентте жаңа жылдық шырша шамы жағылды

Кеше Шымкенттегі Әл-Фараби алаңында жаңа жылдық шырша шамы жағылды. Шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов арнайы қатысып, барша қала тұрғындарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

«Оңтүстік Қазақстан облысы жаңа жылға жаңа табыстармен келіп отыр. Күні кеше ғана ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өттік. Ширек ғасырлық жемісті жұмыстарға оңтүстікқазақстан халқының да қосып отырған үлесі орасан», - деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өттік. Қала тұрғындары енді жаңа жылды қарсы алуға қамданып-ақ кетті. Әл-Фараби алаңында өткен іс-шараға 400-ге жуық өнерпаз қатысып, арнайы шеру ұйымдастырды. 200-ге тарта Аяз ата мен қарша қыз ертегі кейіпкерлерінен көрініс қойды.

Қала әкімдігі тарапынан Жаңа жылдық көріктендіру жұмыстары кезінде шаһардың 3 нүктесінде Жаңа жылдық шырша шамы жағылды. Олар жеке-жеке Әл-Фараби алаңында, Шәмші аллеясы мен облыстық әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан.

Естеріңізге салайық, былтырғы Жаңа жыл мерекесінде Шымкент әкімі жаңадан шырша сатып алудан бас тартып, үнемделген қаражатты қайырымдылыққа жұмсаған болатын. Атап айтқанда, әлеуметтік төмен отбасыдан шыққан балаларды толықтай киіндіріп, мектепке қажетті құрал-жабдықтарын сатып әперген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары