$ 448.15  483.46  4.86

Елбасының Жарлығымен шымкенттік ардагерлер марапатталды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Шымкент қаласының ардагерлері марапатталды деп жазады Shymkala.kz.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы И. Рысбай қариялардың омырауына мерекелік медалды салтанатты жағдайда қадап, құрмет көрсетті. Ұлы Отан соғысының майдангері Анна Шаля, ардагерлер кеңесінің төралқа мүшелері Сейдахмет Байдәулетов, Айтымбек Құмарбеков, Оразалы Омаров, Әл-Фараби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұхан Омарұлы, облыстық кеңестің төралқа мүшесі Кәрсенбай Қунақов, кеңес мүшесі Базарбек Уәлиханов, пленум мүшесі Любовь Ралдугинаны Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық медалімен марапаттады. 

– Сіздерді мемлекетіміздің ең мерейлі мерейтойымен құттықтаймын. Бұл күн біз үшін ерекше толғаныспен қарсы алатын мерекелердің бірі. Сіздердің өмірлеріңіз ерен ерлікке, қаһармандыққа және табандылыққа толы. Әрқайсыңыз мемлекетіміздің көркейіп, дамуына өзіндік үлес қоса білдіңіздер. Ерліктеріңіз бен еңбектеріңіз біз үшін әрқашан үлгі болып қалады. Сіздерге денсаулық пен жақсылық, отбасыларыңызға бақыт тілеймін! – деді И.Рысбай. 

Марапатталған ардагерлер өздеріне көрсетілген құрметі үшін Елбасына алғыстарын жеткізді.

Естеріңізге салайық, Елбасының Жарлығымен «Тәуелсіздікке 25 жыл» медалі республиканың дамуына үлес қосқан азаматтардың барлығына дерлік берілді. Бұл ретте Оңтүстік Қазақстан облысында да награда алғандар аз болған жоқ. Өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуына үлес қосқан жомарт жандар да облыс әкімінің қолынан дәл осындай медальдар алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары