$ 443.35  475.54  4.82

Ордабасы ауданына 7 миллиард теңге инвестиция тартылған

Бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Мамытбеков баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Өңір басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына тоқталып, Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктер туралы баяндады.

2016 жылы аудандағы 20 инвестициялық жобаға бюджет есебінен 3 млрд 961 млн.теңге бөлініпті.  Биылдың өзінде өңірге тартылған инвестиция көлемі 7 млрд. 177 млн. 400 мың теңгені құрап отыр екен.   Оның ішінде республикалық бюджеттен 1 млрд. 515 млн. 100 мың теңге, жергілікті бюджеттен 2 млрд. 365 млн. 600 мың теңге, меншікті қаражат есебінен 2 млрд. 353 млн. 100 мың теңге, басқада қарыз қаражаттар есебінен 837 млн. 200 мың теңге. 

Аудан әкімі жергілікті бюджеттің жалпы кірісі 381 млн. 264 мың теңгені құрағанын тілге тиек етті. Сондай-ақ жұмыссыздардың саны 2600-ге азайған.

Бүгінде Ордабасы ауданында шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын    9538 кәсіпорын жұмыс істейді екен. Мұнда 20 мың 657 адам жұмыспен қамтылыпты.  2016 жылдың қаңтар-қазан айында шағын және орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 37 млрд. 938 млн. 300 мың теңгеге жетіп отыр. Одан түскен салық көлемі 569 млн. 100 мың теңгені құрапты.  

Баспасөз мәслихаты барысында аудан басшысы журналистер тарапынан қойылған сауалдарға да жан-жақты жауап берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары