$ 444.32  473.33  4.76

Ордабасы ауданында биыл 26,8 млрд теңгенің өнімі өндірілген

Бұл туралы бүгін бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәжілісін өткізген Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Мамытбеков мәлімдеді.

Өңір басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына тоқталып, Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктер туралы баяндады.

Аудан экономикасының негізгі салаларының бірі – ауылшаруашылығы. 2016 жылдың қаңтар-қазан айларында ауыл шаруашылық саласында 26 млрд. 870 млн. 900 теңгенің өнімі өндіріліпті. Сондай-ақ,  31 мың  130 гектар  суармалы жер игерілген.

Жыл басынан бері ауданда 7,18 гектар жылыжай салынып, 688 гектарға тамшылатып суғару әдісі енгізіліпті.

«Сыбаға» бағдарламасымен  1388 ірі қара мал, «Алтын асық» бағдарламасымен 4413 қой,  «Құлан» бағдарламасы бойынша 741 асыл тұқымды жылқы сатып алыныпты.  2016 жылы ауданда 17 мың 195 тонна мал мен құс еті өндірілсе, сүттің көлемі  32 мың 441 тоннаға жеткен. 

Ордабасы ауданында соңғы 16 жылда ірі қара мал басы да артып отыр екен.  Ірі қара мал басы 20 мың  700-ден  55 мың 340-қа, уақ мал 78 900-ден 295 мың 237-ге,  жылқы саны 4 мың 900-ден 19 мың 162-ге, түйе саны 100-ден 494-ке көбейген. Құстардың саны 199 772-ден  612 320-ға артыпты. Жалпы биыл ауданда   5 833 000 мың теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндіріліпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары