$ 444.22  476.38  4.82

Қалменовтану сабақтары

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың Жолдаулары мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында құқықтық жүйенi қалыптастыру, саланың бiлiктi қызметкерлерiн тәрбиелеу жан-жақты көрiнiс тапты. Бұл бағытта ҚР IIМ Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығы бiршама жұмыстар атқарып келедi.

Жуырда Тәуелсiздiктiң 25 жылдығы аясында қазақтан шыққан генералдардың бiрi Құлахмет Қалменовтiң 90 жылдығына орай әдiстемелiк семинар өттi. Мұның өзiндiк сыры да бар. Өйткенi, ҚР IIМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының ашылуына бiрден-бiр мұрындық болған Құлахмет ата едi. Оның үстiне 1980–1987 жылдары ол осы орталықты басқарып, болашақ полиция қызметкерлерiн кәсiби бiлiктiлiкке тәрбиелеуде көптеген игi iстер атқарды. Оқу орталығының ғимараты жаңаланды. Бүгiнде мұнда республикамыздың түкпiр-түкпiрiнен келген курсанттар дәрiс алады.

Салтанатты шара әуелi Бауыржан Момышұлының ескерткiшiне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Мұнан соң оқу орталығының бастапқы оқу курсын бiтiрушi түлектерге салтанатты түрде сертификаттар тапсырылды. Түлектер мiнбер алдынан әскери шерумен өттi.

Мұнан соң жиналғандар Қ.Қалменовке арналған кабинетте болып, оның өмiр жолдары мен ғылыми жұмыстарымен танысты. Орталықтың үлкен акт залында «Құқық қорғау органдары қызметкерлерiн тәрбиелеуде милиция генерал-майоры Қ.Қалменовтың еңбектерiн қолдану жолдары» атты әдiстемелiк семинар жалғасын тапты.

ҚР IIМ Iшкi iстер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесi төрағасының орынбасары, полковник Берiк Сүлейменов, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының ардагерi, академик, милиция генерал-майоры Жеңiсбай Сұлтанов, 1992–1996 жылдары аталмыш оқу орталығын басқарған, iшкi қызмет генерал-майоры, академик Талап Қабденов, ОҚО IIД iшкi iстер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Сержан Тұрсынбеков, Iшкi iстер органдарының құрметтi ардагерi, отставкадағы милиция полковнигi Батырхан Өмiрзақов, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Әбдiжәлил Бәкiр, тағы басқалар сөйлеп, Қ.Қалменовтiң қызмет бабындағы тәжiрибесiн жүйе-жүйесiмен айтып бердi. Сондай-ақ, Қ.Қалменовтiң ғылыми, әдеби еңбектерiне шолу жасады.

Милиция генерал-майоры Қ.Қалменов туралы екi бiрдей кiтап жарық көрiптi. Авторлар оларды оқу орталығына ескерткiш әрi көрнекi құрал ретiнде тапсырды.

ҚР IIМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының бастығы, полиция полковнигi, педагогика ғылымының докторы Бекайдар Тойлыбаев пленарлық отырысты басқарып. Қ.Қалменов аудиториясында атақты генералдың ғылыми еңбектерi талқыланды. Құқық қорғау саласының майталманы, көрнектi ғалымның iс-тәжiрибесiн оқу бағдарламасына ендiру мәселелерi талқыланды.

Сол күнi қадiрмендi қария әруағына арналып ас берiлiп, Құран бағышталды.

«Оңтүстік Қазақстан»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары