$ 448.89  477.93  4.76

Iзденiсi iлгерi iсмерлер

Шымкенттегi «Көрме» орталығында «Халық мұрасы» атты қолөнер шеберлерiнiң байқауы өттi. Іс-шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналып отыр.

Көрме-жәрмеңкеге барлығы 40-қа жуық шебердiң бұйымдары қойылды. Күмiс әшекейлер, терi, былғары, ағаш, темiр мен сабаннан, киiзден жасалған заттар келушiлердi таңқалдырды. Дизайнерлер мен ұлттық өндiрiс орталықтарының еңбектерi де көрерменге таныстырылды.

Шеберлердiң өнерiн Шымкент университетiнiң доцентi, ҚР Шеберлер одағының мүшесi Бибiажар Симова бастаған қазылар алқасы бағалады. Нәтижесiнде байқаудың бас жүлдесiн ағаштан бұйым жасаудың шеберi Якия Әуелбеков жеңiп алды. Екi бiрдей бiрiншi орынды былғары шеберi Әшiрбек Желдiбаев пен қыз жасауының iсмерi Эльмира Омарбекова иелендi. Екiншi орынды былғары шеберi Бағлан Желдiбаев пен сүйек, ағаштан бұйым жасаушы Гауїарбек Күнқожаев жеңiп алды. Ал, үшiншi орын Гүлнәзия Есiмбекова, Амангелдi Елепбергенов, Мақсат Сәрсенбаев сияқты қолөнершiлерге бұйырды.

– Байқау арқылы ұлттық бұйымдарды кеңiнен таныстырып, насихаттауды көздеймiз. Қолөнершiлерге шығармашылық серпiн берiп, өзара тәжiрибе алмасуларына ықпал етемiз, – дейдi «Көрме» орталығының директоры Зухра Қарабекова. Жеңiмпаздар қаржылай сыйлықпен және дипломмен марапатталды.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Оңтүстік Қазақстан облысында бірқатар мерекелік және рухани шаралар өтіп жатыр. Жыл соңына дейін жалғасатын осынау акцияларға бүкіл оңтүстік жұрты атсалысады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары