$ 443.85  474.3  4.8

«Мен – қазақпын, мың өлiп, мың тiрiлген...»

Шымкенттегi Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназияда «Мен – қазақпын, мың өлiп, мың тiрiлген...» тақырыбында қалалық семинар өттi. Ол Шымкент қалалық iшкi саясат және қалалық бiлiм бөлiмi жоспарлаған «Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына орай 25 iс-шара» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Семинар барысында қонақтар мектептегi Т.Рысқұлов атындағы мұражайдың жұмысымен танысып, бiлiм ордасының көрмесiн тамашалады, мектеп оқушылары дайындаған концерттiк бағдарламаға куә болды. Жиынға жоғары оқу орындарының ғалымдары мен мектеп мұғалiмдерi қатысты.

– Семинарда тәуелсiз елдiң балаларын отансүйгiштiк пен патриоттыққа баулуда ұрпақ тәрбиесiн назарда ұстау, осы бағытта тиiмдi тәсiлдердi ұсыну, оларды жетiлдiру жайы талқыға түстi, – дейдi Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназияның директоры Н.Мырзатаев.

Айта кетейік, ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысында атқарылып жатқан рухани шаралардың саны басым. Әсіресе, мектеп оқушылары мен ЖОО студенттерінің араласуымен өтіп жатқан мерекелік акциялар көңіл қуантпай қоймайды. Бойында патриоттық сезімдері қалыптасқан жас өрендер түрлі қайырымдылық шараларын, әдеби кештерді, ғылыми көрмелерді ұйымдастырып, өзге қатарластарына зор үлгі көрсетіп келеді. Жалпы, «Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына орай 25 iс-шара» акциясы аясында биыл жылдың соңына дейін түрлі мерекелік және қайырымдылық жобалар ж.зеге асатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Алдыңғы жаңалық
Терiскей түлей түседi
Келесі жаңалық
Iзденiсi iлгерi iсмерлер