$ 445.66  474.58  4.78

Тәуелсіздік мерекесінде шымкенттік автобустар халықты тегін тасымалдады

16 желтоқсанда қала билігі тарапынан аталған көлік компаниясы №78 автобус бағытында Шымкент тұрғындары мен қонақтарын тегін тасымалдауға демеушілік акциясын өткізді.

Сонымен қатар, «Южавтотранс» қоғамдық көлік компаниясы қаладағы барлық зейнеткерлерге жеңілдік жасап, осы күні көлікте тегін қатынауына қолайлылы жағдай жасады. Бұл бастаманы аталған компания басшылығы зейнеткерлерге мерекелік тарту ретінде ұйымдастырған. 

Атап айтар болсақ, №78 автобус бағыты келесі қозғалыс сызбасымен жолаушылар тасымалдау қызметін атқарды: «Көркем гимнастика мектебі», «ӘІО», Астана даңғылы, С.Бәйтереков, Т.Назарбеков, Бәйдібек даңғылы, Т.Рысқұлов, Жібек жолы, Тәшенов көшелері, Тәуке хан, Республика даңғылы, Асқаров, Темірлан тас жолы көшелері арқылы «Бекжан базары» аялдамасына дейін және кері қарай қатынады. 

Осы күні қала аумағында мыңға тарта қоғамдық көлік жолаушы тасымалдаумен айналысты.

Айта кету керек, мерейлі мерейтой күні Шымкенттің әрбір бұрышында мерекелік атмосфера сақталды. Әсіресе, жастар тарапы белсенділік танытып, қалада түрлі мерекелік іс-шаралар өткізді. Ал, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған негізгі мерекелік іс-шаралар 14-15 желтоқсан күндері өтіп кеткен болатын.

Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы мерекелік іс-шаралардың барлығы дерлік «Жұлдызды 25 күн» акциясы аясында өткізілгенін де айта кету керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары