ҚР Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдық мерейтойына орай «Ырыс» микроқаржы ұйымы Оңтүстік Қазақстан облысында өзi арқылы қолдау тапқан кәсiпкерлер iшiнен ең үздiктерiн анықтауды қолға ала бастады. Бұл жоба жалпы бүкіл республика аумағын қамтитынын да айта кету керек.
«Үздiк жоба» аталымы – «Ырыс» қаржы ұйымынан алған несиенi мақсатты пайдаланған, ай сайынғы төлемiн уақтылы қайтарып отырған және облысымыздың кәсiпкерлiк саласын дамытуға үлес қосып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септiгiн тигiзiп отырған 25 кәсiпкерге табысталады.
16 желтоқсанға дейiн жалғасатын шараның нәтижесi туралы барлық ақпаратты жергiлiктi БАҚ пен «Ырыс» МҚҰ-ның әлеуметтiк желiлерiндегi ресми парақшалары арқылы бiлуге болады.
Айта кетейiк, жыл басынан берi «Ырыс» МҚҰ арқылы 3 266,9 млн. теңгеге 1499 жоба қаржыландырылды. Оның iшiнде, көктемгi егiс және жинау жұмыстарына құны 1 387,9 млн. теңгенi құрайтын 834 жоба жүзеге асырылса, мал бордақылау алаңдарын салу үшiн 1 427,1 млн. теңгеге 541 жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ, шағын тауарлы сүт фермаларын ашу мақсатында құны 79,1 млн. теңгеге 33 жоба iске қосылып, басқа да қызмет түрлерiне кiретiн 91 жоба қаржыландырылды.
Жалпы, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай елдегі кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау арта түседі.