$ 498.51  522.84  4.81

«Ұлы дала ұландары»

«Оңтүстік Қазақстан облыстық жас туристер стансасы» мекемесiнiң ұйымдастыруымен ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала Ұландары» атты ашық облыстық туристiк жарыс өттi. Бұл туралы аталған мекеменің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

ОҚО Төлеби ауданы Бiркөлiк шатқалында орналасқан «Тау барысы» туристiк лагерiнде өткiзiлген шараға Кентау, Түркiстан, Сайрам, Төлеби, Түлкiбас, Созақ, Мақтаарал, Шардара, Қазығұрт, Отырар, Сарыағаш, Бәйдiбек және Арыс қалалық, аудандық жас туристер стансаларынан 17 топ, Сарыағаш ауданындағы «Самал», Түркiстандағы «Хамза» мектептерiнен 4 топ және Шымкент қаласы мектептерiнен 18 топ, жалпы саны 252 оқушы, 73 жетекшi қатысты.

Олар 5 күн бойы далалық жағдайда шатырда түнеп, ас әзiрледi. Сонымен бiрге, iс-шара кезiнде оқушылар «Бағытты көзбен анықтау», «Жартасқа өрмелеу», «Қорытынды туристiк бағыт», «Капитандар», «Эмблема», «Әндер» сайыстарына қатысты.

Жарыстың жалпытоптық қорытындысы бойынша I орынды Сайрам аудандық жас туристер стансасы жеңiп алса, II орынға түркiстандық, жүлделi III орынға отырарлық жас туристер лайықты деп танылды.

Қала мектептерi топтары арасынан жарыстың жалпытоптық қорытындысы бойынша I орынға Шымкенттегi №55 мектеп ие болса, II орын №27 мектепке, III орын №28 мектепке бұйырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары