$ 498.34  519.72  4.85

Сауда орны ашылып, тұрғындарға жұмыс табылды

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бастамасы ОҚО-ның Төлеби ауданында да үлкен қолдауға ие. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай аудан орталығында жаңа сауда орталығы ашылды. «Райхана» деп аталатын сауда кешенінің ашылуымен 10 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.

Енді ғана есігін ашқан сауда орталығы - отандық тауарлардың сатылымы үшін таптырмайтын орын. Билік бизнес өкілдерімен келісімге келді. Жергілікті тауар өндірушілердің өнімі тұрғындарға қолжетімді бағада сатылады. Азық-түлік қауіпсіздігі мен баға тұрақтылығын сақтау – мұнда басты назарға алынған.  Орталықта тұрмыстық заттардан бастап, үйге қажет төсемелер мен азық-түлік түгел бар.

Гүлчехра Тойметова – кәсіпкер: 

- Менің бұл дүкендегі ашудағы мақсатым тұрмысы төмен отбасыларға көмектесу. Бірінші үмітім сол. Одан кейін біздегі тауарлар арзан. Өйткені біз зауыттармен келісім шартқа тікелей отырғанбыз.......

Жеке кәсіпкердің іс бастауына жергілікті билік тарапынан да лайықты қолдау болған. Арнайы жоспары бар азаматқа қажетті жер беріліп, керек көмек көрсетілген. Нәтижесінде, заман талабына сай сауда кешені бой тіктеді. Соның арқасында, жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамтылды.

Серік Байымбетов – Леңгір қаласының әкімі:

- Елбасымыздың өзінің кәсіпкерлерді қолдау мақсатының өзінде де әрбір адам алдымен өзіне, өзінің отбасына жұмыс тауып берсін дейді. Одан кейін қосымша 5-10 адамға жұмыс берсе сол ол адамның мемлекетке тигізген пайдасы.

Аудан тұрғындарының игілігі үшін бой тіктеген нысанның ашылу салтанатына көргені, көкейге түйгені көп қариялар да келді.  Тәуелсіздік жылдарымен қатар ширап, қуат жиған кәсіпкерлерге ендігіде елдік мәселелерге араласып жатқаны үшін алғыс жаудырды. Ақ батасын берді. 

«Қазақстан-Шымкент»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары