$ 449.58  486.94  4.86

«Тәуелсіздіктің тұғыры - Мәңгілік ел» атты іс-шарасы өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық көркемөнерпаздар ұжымының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздіктің тұғыры - Мәңгілік ел» атты көшпелі концерт, «Тапқыр бұзау» тақырыбында балаларға арналған театрландырылған сахналық қойылым ұйымдастырлып, Ақбиік, Шақпақ ауылдық округтерінен бастау алды. Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы еліміздегі іргелі істерімен айшықталып, үлкен жетістіктің арқасында «Мәңгілік елге» қол жеткіздік. Концерттік бағдарламада тақырыптық әндер шырқалып, көңілді көріністер көрсетілді. Ауыл тұрғындары әншілерге өз алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

Осы ретте айта кету керек, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын атап өтуде оңтүстікқазақстандықтар ерекше белсенділік танытып келеді. Өңірде биылғы жыл басталған уақыттан бері мерейлі мерекеге арналған іс-шаралар лек-легімен өтуде. Бұл ретте тек концерттік бағдарламалар ғана емес, өзге де ауқымды жобалардың жүзеге асып жатқанын айта кету керек. Мәселен, ақындар айтысы, мүшайра, қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмелері, жастар ұйымдастырып жатқан флешмобтар, ғылыми сайыстар, спорттық турнирлер, ұлттық ойындар, әдеби және рухани кештер – осының бәрі де Тәуелсіздік мерейтойын атап өту мақсатында ұйымдастырылып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары