$ 498.34  519.72  4.85

«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан халқының тілдері  күні  мерекесіне орай Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің ұйымдастырумен ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді жан-жақты насихаттау мақсатында «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты фестиваль өткізілді. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Аудан орталығындағы мектеп, балабақша, «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» комуналдық мемлекеттік мекемесі тақырыпқа сай кітап көрмелерін  жасады.

Фестивальде мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің басшысы А.Айтбаева   үш тілде жасалған баяндамасын оқып, мемлекеттік тілді насихаттаудағы өз ойын ортаға салды.

Қазақстан Республикасының «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері, ОҚО-ның және Түлкібас ауданының Құметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, жазушы Мархабат Байғұт мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Фестивальдің ашылу салтанатына аудан  әкімі Е.Тұрғымбеков  қатысып, халық алдында сөз сөйлеп, бірқатар тіл жанашырларын марапаттады.

Салтанатты іс-шараның соңы аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздар ұжымының және этномәдени орталық өкілдерінің қатысуымен мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. 

Айта кетейік, биыл Оңтүстік Қазақстан облысында өтіп жатқан мерекелік шаралардың көпшілігі ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орайластырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары