$ 498.34  519.72  4.85

ҰОС ардагері егемен елдің ұрпақтарына ақ батасын берді

Тәуелсіздіктің ақ таңы атқан тұста бір ғасырды артқа тастаған көне көз қариядан бата алудың сәті түсті. Оңтүстік Қазақстан облысы Жаңаталап елді мекенінде жасы 105-ке келген Омар Сапарбеков атты ақсақал күн кешуде. Қарт майдангер Ұлы Отан соғысына қатысқан. Бейбіт өмірде аянбай еңбек еткен. Мал шаруашылығын бес саусағындай білетін Омар ата әлі де тың. Ұлтай ана екеуі бүгінде 10 ұл-қызынан 46 немере, 18 шөбере, 5 шөпшек сүйіп отыр.

«Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын көремін деген үш ұйықтасам да, түсіме кірмепті. Бірақ әлі де тәубә деуден шаршамаймын», – дейді қария.

Омар Сапарбеков, ҰОС ардагері, Қазығұрт ауданының құрметті азаматы

-Міне, Құдайға шүкір Тәуелсіздік алдық. Өз еркіміз өзімізде болыпты. Әуелі ел-аман, мінекей қызықты той көрген заман. Күллі қазақ халқы, Президентіміз болсын аман. Қамбамыз толы бидайға, ризамыз Алла-Құдайға. Мемлекетіміз күшейіп, дәулетті, перзентті бола берсін, Аллаһу акбар! 

Жалпы, бұл күні күнгейде ел Тәуелсіздігіне тартулар аз болмады. Мәселен, Түлкібас ауданы Шұқырбұлақ ауылында ауыз су торабы ел игілігіне берілді. Оған бюджеттен 154 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған. 2 мыңдай халқы бар Шұқырбұлақ бұған дейін таза ауызсумен қамтылмаған. Ашық су көздерін пайдаланып келген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары