$ 441.44  473.09  4.75

«Тарихы ұқсас туыс ел» әдеби-сазды достық кеші

«Тарихы ұқсас туыс ел». Шымкентте татар-башқұрт мәдени орталығының ұйымдастыруымен әдеби сазды достық кеші болып өтті. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған іс-шараға «Отырар» облыстық ғылыми – әмбебап кітапханасына осы орталықтың белсенді мүшелері, колледж студенттері мен мектеп оқушылары жиналды.

«Үлкен ел-үлкен отбасы». Кітапхана ұжымы осы жоба аясында кешенді іс-шаралар өткізуді жоспарлаған. Бұл жолы әдеби сазды достық кеші татар-башқұрт мәдени орталығының құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар туысқан татар-башқұрт халқының мәдениетімен етене танысты. Татар-башқұрт халқының салт – дәстүрлері жайлы бейнебаянды көрді. Осы халықтың дарабоз тұлғалары мен қаламгерлерінің шығармаларын тамашалады. Біздің мақсат - жалпыұлттық бірлік пен алуан түрлі мәдениеттің қазақстандық моделін қалыптастыру, -  дейді ұйымдастырушылар.

Гүлмира Алпысбаева -   «Отырар»   облыстық ғылыми – әмбебап кітапханасы директорының орынбасары

Үлкен халықтың мәдениетін насихаттағымыз келеді. Бүгін татар халқының үлкен өкілі Мұса Жәлел туралы әңгіме айтамыз. Кеңес Одағының батыры Мұса Жәлелдің соғыс жылдарындағы батырлықтары, ерліктері  бүгінгі ұрпақтың жадында мәңгі қалуы үшін жұмыс істеп жатырмыз.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің мерейтойын оңтүстікқазақстандық этномәдени орталықтар жоғары деңгейде атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары