$ 447.4  477.55  4.76

Бизнес-билік әріптестігі бойынша ОҚО-да балабақша ашылды

Тәуелсіздік тартуы. Созақ ауданы Ыбырай елдімекенінде сәулетті жаңа балабақша ашылды. Мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында пайдалануға берілген мекеме 75 балаға арналған. Бүлдіршіндер мен ата-аналарды қуанышқа бөлеген салтанатты сәттен тілшіміз сөз сабақтайды.

Бұл - Созақ ауылдық округіне қарасты Ыбырай елдімекені. Аядай ғана ауылда 900 адам тұрады. Демографиялық өсім балабақшаға деген мұқтаждықты туғызды. Нәтижесінде «Сұлу апа» деп аталатын балабақша ашылды.  

Бөбекжайды салған кәсіпкер - Көпірбай Дәуітұлы.  Ол балалардың жарқын болашағына жол ашып қана қоймай, 17 тұрғынды  жұмыспен қамтыды.

Тәуелсіздіктің шежірелі жылында ашылған балбақша тұрғындардың қуанышын еселеді. Енді, бүлдіршіндер мектепке дейінгі мекемемен қамтылып уақытын тиімді өткізеді. Алаңсыз жұмыс істеуді көптен армандаған ата-аналардың жомарт кәсіпкерге алғысы шексіз.  

«Балапан» бағдарламасы аясында ашылған балабақшада барлық жағдай жасалған. Заманауи құрал-жабдықтар ойы зерек, ізденімпаз баланың өсуіне себепкер.

Айта кетейік, дәл осы күні Шымкентте де белгілі кәсіпкер кішкентай бөбектерге арнап балабақша салып берген болатын. «Қос ана» деп аталатын балалар мекенiнiң ғимараты белгiлi меценат, кәсiпкер Серiкжан Сейтжановтың демеушiлiгiмен салынды. Айта кету керек, ширек ғасырда кәсiпкер облыс тұрғындарының игiлiгi үшiн жыл сайын жаңадан бiр нысанды пайдалануға берiп келе жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары