$ 445.66  474.58  4.78

ОҚО Төтенше жағдайлар департаментіне 7 техника табысталды

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысында атқарылып жатқан игі істердің қатары тағы бір жаңалықпен толықты. Атап айтқанда, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі мемлекеттік мекемесі заман талабына сай жаңа техникаға ие болып отыр. Сала мамандарына  жаңа техниканың кілтін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы табыстады.

«Төтенше жағдайлардың алдын алып, тер төгіп жүрген сіздердің еңбектеріңіз зор. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті базасы жыл санап жақсара түсуде. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен биыл 269 миллион теңге қаражат бөлінді. Бүгін де, міне, жұмыстарыңызға аса қажетті 7 көліктің кілтін тапсырғалы отырмын. Келесі 2017 жылы осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады, бұл мақсатта облыс бюджетінен 427 млн теңге қарастырылуда», - деді  өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы.

Шара барысында облыс әкімі екі қызметкерді «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттаса,  қос өрт сөндірушіге  грамота табыс етті. Көп қабатты үйлерде қандай да бір төтенше жағдайлар орын алған жағдайда  жаңа үлгідегі заманауи өрт сөндіру автосатылары жоғарыға көтеріліп, тілсіз жауды сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге үлкен септігін тигізері сөзсіз. Ең басты міндет -  халықты және облыс аумағын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау.

Бұл мақсатта  өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі мемлекеттік мекемесінде 181 бірлік  өрт сөндіру техникасы бар. Оның 121-і өрт сөндіру,  22- сі арнайы, 38 бірлігі  көмекші автокөліктер.  Осы техникалардың 93-і  20 жылдан астам уақыт пайдаланылыпты. Жаңа техникаларға қол жеткізген мамандар облыс әкімдігінің қолдауына ризашылық білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары